Қоғам

"Қорқудың қажеті жоқ": Елбасының вакцина салдырған сәтінің видеосы жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцинация населения против коронавируса в Казахстане
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасын алған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президентінің вакцина салдырған сәтінің видеосы Елбасының баспасөз қызметінің YouTube парақшасында жарияланды.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

"Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 18 маусымында баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Десе де, ол "алаңдауға негіз жоқ" екеніне сендірді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың оқшаулағанын, қашықтан жұмыс істеуге көшкенін жазған болатын.

Оқи отырыңыз: Назарбаев вакцина салдырды

Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызмет көрсету саласында, өнеркәсіп кәсіпорындарында және өзге де 20 адамнан асатын ұжымдарда міндетті вакциналауды енгізуді ұсынды. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсырады. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысынан кейін осы талаптар заңды күшіне енеді.

Жаңалықтар
0