Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасы жаңарды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONАурухана, архивтегі сурет
Аурухана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Қазіргі таңда республикада 22 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 588 пациент стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан болған өлім-жітім статистикасы жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус инфекциясынан жеті адам қайтыс болды. Ковидтік пневмониядан бір пациент көз жұмды.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан барлығы 4 268 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 432 адам қайтыс болды.

24 маусымдағы жағдай бойынша қазір 22 098 адам коронавирус инфекциясынан (–20 828 + және 1270 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 588 пациент стационарда, 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 408 адамның жағдайы ауыр,
  • 95 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0