НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан болған өлім-жітім статистикасы жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус инфекциясынан жеті адам қайтыс болды. Ковидтік пневмониядан бір пациент көз жұмды.
Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан барлығы 4 268 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 432 адам қайтыс болды.
24 маусымдағы жағдай бойынша қазір 22 098 адам коронавирус инфекциясынан (–20 828 + және 1270 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 588 пациент стационарда, 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 408 адамның жағдайы ауыр,
- 95 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.