Қоғам

Мамандар коронавирустың үнді штаммының белгілерін атады

© Photo : Рixabay/AnestievЖенщина в маске
Женщина в маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Алматы эпидемиологтары қауіпті "дельта" штаммына байланысты коронавирусты инфекцияның жаңа толқыны басталуы мүмкін деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис әуежайында өткен көшпелі жиын кезінде коронавирустың үнді штаммының симптомдарын атады.

Эпидемиологтардың айтуынша, "дельта" штаммы алдыңғыларына қарағанда 60% жылдамырақ жұғады. Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, коронавирустың үнді штаммы аурухана жату мен қайтыс болудың жоғары ықтималдылығымен байланысты.

"Үнді штаммын жұқтырған жағдайда қалыпты штаммдардан өзгеше симптомдар байқалуы мүмкін. Мысалы, иіс сезу жоғалмауы және адам өзін салқын тиген кездегідей сезінуі мүмкін. Алайда жайсыз сезінген жағдайда бірден дәрігер шақыру керек. Себебі жаңа штамм тез асқынады және қауіпті. Сондықтан қала тұрғындары өз бетінше емделуді доғаруы керек", - деді Жандарбек Бекшин.

Әуежай базасында нысан басшылығы мен бөлімше өкілдерінің қатысуымен коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабтың көшпелі отырысы өтті.

Атап өтсек, Алматы эпидемиологтары қауіпті "дельта" штаммына байланысты коронавирустың жаңа толқыны басталуы мүмкін деп санайды. Коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі Алматы қалалық штабы қала тұрғындарын вакцина салдыруға, сондай-ақ адам көп шоғырланған орындарда бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 20 маусымда SARS-CoV-2 вирусының "Дельта" штаммы әлемнің 74 елінде анықталды.

Сондай-ақ сәрсенбіде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, мегаполистің бас санитар дәрігері Бекшин және қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевпен бірге Алматы халықаралық әуежайы мен қала бекеттеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын тексерді.

Оқи отырыңыз: Бекшин коронавирустың үнді штаммы кімнен табылғанын айтты

Бабақұмаров санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларын күшейтуді, соның ішінде әуежай қызметкерлерін вакциналауға ықпал етуді тапсырды. Осыған байланысты ғимарат ішін, бөлмелерді, жалпы әуежайды дезинфекциялау жалғасады.

Сонымен қатар әуежайға кіреберісте Ashyq қосымшасы арқылы тестілеуге көңіл бөлінді. Күзет қызметі әуежайға кіреберісте "қызыл" мәртебесі бар екі-үш жолаушы анықталатынын және инфекцияның одан әрі таралуына жол бермес үшін тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

Жаңалықтар
0