Өңірлер

Бекшин коронавирустың үнді штаммы кімнен табылғанын айтты

© REUTERS / VALENTYN OGIRENKOМедики в защитных костюмах у больницы с коронавирусом
Медики в защитных костюмах у больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Үнді штаммын жұқтырған әйелдің пәтерінде қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол бұған дейін құрылыс материалдарын сататын екі базарда болған

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Коронавирустың үнді штаммы үйде отыратын келіншектен табылды. Оның жолдасы шетелге іс-сапармен жиі шығады және ақпан айында коронавируспен ауырған. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда бір жағдай ғана тіркеліп отыр. Біз онымен байланыста болған барлық адамды бақылауға алдық. Ол кісінің өзі үйде отырады, еш жерде жұмыс істемейді. Ал күйеуі ылғи іс-сапарда жүреді, ақпан айында коронавируспен ауырып шыққан. Біз әйелдің барған жерлерін, кірген нысандарын зерделеп шықтық. Соның аясында алдын алу шарлары қолға алынды", - деді Бекшин онлайн брифингте.

Үнді штаммын жұқтырған әйелдің пәтерінде қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін құрылыс материалдарын сататын екі базарда болған. Сосын үйдің жанындағы дүкенге де барып жүрген.

"Демек дәл сол жерлерде вирус жұқтыруы мүмкін. Бәлкім, күйеуінен де жұққан шығар. Себебі ол ылғи іс-сапарда жүреді. Иә, бұған дейін коронавируспен ауырып шыққан. Дегенмен симптомсыз ауырып, вирусты таратуы да мүмкін. Қазіргі кезде ер адам Голландияда жүр", - деп атап өтті бас санитар.

Алматыда үнді штаммының таралғаны расталды

Осы орайда Бекшин бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысынан кейін шектеу шараларын енгізетінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Алматыда үнді штаммы анықталса да, "дельта+" штаммы табылған жоқ.

"Үндістанда қос мутация болған. Ондай вирус жасушаға кіріп қана қоймай, сыртына да жабысып алады. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында үштік мутация жайында жазылып жүр. Әзірше ресми мәлімет жоқ. Дегенмен ауру өршіген жерде мутациялар көп болады", - дейді Бекшин.

Жаңалықтар
0