Өңірлер

Коронавирустың үнді штаммы Алматы қаласына жетті

© Sputnik / Тимур БатыршинПробирка с тестом на коронавирус
Пробирка с тестом на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Бұған дейін "дельта" штаммы Нұр-Сұлтанда бірнеше науқастан табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Алматыда үнді штаммының таралу ықтималдығы анықталды. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Бұған дейін хабарлағандай, Нұр-Сұлтанда үнді штаммы 54 науқастан алынған сынаманың 56%-інде алдын ала расталды.

Осыған байланысты елордада қосымша карантиндік шектеулер енгізілетіні белгілі болды.

Қазақстанда "үнді" штаммы анықталды: Мамин шұғыл тапсырма берді

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас санитар дәрігеріне жаңа талаптар енгізуді тапсырды: COVID-19-ға қарсы вакцинасыз қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жұмысына, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізіледі, сондай-ақ қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Жаңалықтар
0