Қоғам

Алматыда Covid-19 жұқтырғандар саны екі есе азайды

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Алматы 12 маусымнан бастап коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтті

АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. Алматыда маусымның басынан бері коронавирус жұқтырғандар саны екі есе азайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы 12 маусымнан бастап коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтті. Кейінгі тәулікте 112 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, тәуліктегі өсім 0,1%-ке төмендеді.

"Алматы қаласында COVID-19-дың мутацияланған штамдарының пайда болуына байланысты наурыздан бастап індеттің үшінші толқыны басталып, 9 525 жағдай тіркелсе, инфекцияның  барынша өсуі сәуірде тіркелді. Ал мамырдан бастап науқастар саны азайып, 1-15 маусым аралығында 2 087 жағдай тіркелді", - деді Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігерінің хабарлауынша, қалада вакциналау бойынша 23%-ке жуық иммундық қабат қалыптасты. Халықтың 18%-і вакцина салдырды, тағы 5%-і коронавирус жұқтырып, жазылды.

Оқи отырыңыз: Екінші қазақстандық вакцинаның сынағы басталады: еріктілерге қанша теңге төленеді

"Біздің басты мақсатымыз – алматылықтар арасында вакциналау көрсеткішін 70%-ке жеткізу. Сонда ғана өзіміз қойған мақсатқа жетеміз", - деді Бекшин.

Айта кетейік, 16 маусымдағы жағдай бойынша қалада 351 497 адам вакцина салдырды, бұл алматылықтардың – 17,7%-і. Вакцина салдырғандардың арасында 35 972 адам – 60 жастан асқандар.

Жаңалықтар
0