Қоғам

Екінші қазақстандық вакцинаның сынағы басталады: еріктілерге қанша теңге төленеді

© AFP 2024 / LILLIAN SUWANRUMPHAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Сынаққа қырық төрт ерікті қатысады, олардың жартысы плацебо алады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Жаңа отандық QazCoVac-P вакцинасы 200 мың теңгеге еріктілерге сыналады.

Таразда коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталғалы жатыр, оған 44 ерікті қатысады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірінші клиникалық сынақтарға 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау адамдар іріктелуде.

44 адамның жартысына жаңа препарат егіледі, екінші жартысы плацебо алады.

Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан ислам елдеріне QazVac вакцинасын тегін жіберуге дайын – Тоқаев

Ғалымдардың айтуынша, егер бәрі сәтті өтсе, сынақтың екінші фазасы басталады. Оған 200 адам қатысады.

QazCoVac-P – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген екінші вакцина.

"Біріншісі инактивтелген вакцина болды, ол жерде біз тірі вируспен жұмыс істейміз. Ал мына вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ. Бұл суббірлікті вакцина. Бұл вакцина жұмсағырақ болады деген үміттеміз", - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Берік Хайруллин.

Жаңалықтар
0