Қоғам

Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМитинг многодетных матерей в Нур-Султане
Митинг многодетных матерей в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, біреулер жеке бастың мәселесімен келеді, енді біреулер барлығына ортақ жүйелі проблеманы айтады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын аналардың алдына шықпаудың себебін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтып, жанайқайын жеткізгісі келеді. Менде жұмыс барысында көптеген жиналыстар бар. Менің екі кеңесшім бар. Екеуі әдейі осындай мәселелер бойынша халықпен кездесіп, мәселенің мән-жайын біліп отырады", - деді Шәпкенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, біреулер жеке бастың мәселесімен келеді, енді біреулер барлығына ортақ жүйелі проблеманы айтады.

"Сол себепті алдымен екі кеңесшім кездеседі. Егер тез арада шешілетін мәселелер болса, әрине, шешуге көмектесіп жатады. Енді, үлкен жүйелі мәселелер болады. Осы мәселелермен менің орынбасарым, вице-министр Әукенов Ерлан Маратұлы айналысады. "Жанұя" деген орталықта арнайы кездесулер өткіземіз. Сол жерде мүгедек азаматтардың жағдайын жақсарту, ұлттық жоспарымыз бен жаңа заң жобаларын талқылаймыз", - деп атап көрсетті Шәпкенов.

Оқи отырыңыз: Балалардың жәрдемақысы көтеріле ме – министр жауап берді

Осы орайда ол министрлік алдында жиналатын адамдар туралы ақпарат алып отыратынын жеткізді.

Проблемаларын да білемін дейді. Ал ыңғайы келгенде кездесуге шақырып отырады.

"Менің әріптестерім уақытқа қарай министрмен кездесуге ұсыныс жасайды. Мысалы, осындай бір уақытта кездесуге болады дейді. Мен өзім кездесуден қашпаймын. Сол белгілі бір уақытта кездесемін. Егер ары қарай менімен кездесуге ниеті болса, мен кездесуға дайынмын", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін көпбалалы аналар министрліктің алдына талай рет барып, митинг өткізді. Енді, мүгедек балалардың аналары министрмен кездесуді талап етіп жүр.

Жаңалықтар
0