Қоғам

Балалардың жәрдемақысы көтеріле ме – министр жауап берді

© Sputnik / Анатолий Устиненко"550-летие Казахского ханства" в Таразе
550-летие Казахского ханства в Таразе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Министр балалардың жәрдемақысын көтеруге қатысты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрі Серік Шәпкенов балалардың жәрдемақысын көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммункациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер балалардың жәрдемақысын ең төменгі жалақыға дейін көтеру жайында сұрады.  "Көпбалалы аналар барлық жәрдемақыны тоқтатып, "әр балаға 42 500 теңге төлесін" деген талап айтып жатыр. Осыны жасауға бола ма?", - деді журналистер.

Министр Шәпкеновтың айтуынша, бұл – орынды сұрақ. Оны әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр. Депутаттар да бірнеше рет айтты.

"Бірақ біз екінші жағын да ескеруіміз керек. Қазірдің өзінде 18 жасқа дейінгі балалардың саны 6 миллионнан асады. Әрбіреуіне 42 500-ден есептесек, қомақты қаражат шығады. Министрліктің қазіргі бюджеті 4 триллионға жақын. Ал республикалық бюджет, шамамен, 14 триллион теңге болады. Сонда қазірдің өзінде біз бюджеттің үштен бір бөлігін алып отырмыз. Соның 96 проценті жәрдемақы мен зейнетақыға таратылады", - деді Шәпкенов.

Сонымен қатар, ана мен баланы қолдауға 700 миллиард теңге бөлініп тұрады. Соның ішінде баланы күту және тағы басқа әлеуметтік төлемдер бар.

"Сондықтан осы жәрдемақылардың барлығын бір төлемге біріктіретін болсақ, онда басқа санатқа кіретін адамдардың мәселесі туындайды. Өйткені бәрі есептелген", - деп атап көрсетті Шәпкенов.

Оқи отырыңыз: 230 мың теңге беріле ме - Қазақстанда жәрдемақы төлеу тәртібі қалай өзгереді

Осы орайда министр әлеуметтік кодекстің әзірленіп жатқанын жеткізді. Мамандар әлемдік тәжірибені жан-жақты зерделеп, жаңа құжаттың аясында әлеуметтік қолдаудың тиімді шараларын қарастырады.

Жаңалықтар
0