Қоғам

Министр жасөспірімдер неге өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

© Photo : Рixabay/Foundry CoДевушка закрывает лицо рукой
Девушка закрывает лицо рукой - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша биыл 248 жасөспірім өз-өзіне қол салуға әрекет жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр жасөспірімдер суицидінің азаймай тұрғанына алаңдаушылық білдірді.

"Себептер әртүрлі. Әрбір үшінші жағдайға туыстарымен болған жанжал себеп, жалғыздық сезімінен – 12%, достармен қарым-қатынасын үзу – 10%, оқу орнындағы келеңсіздіктер, материалдық жағдайдың жоқтығы – 3%", - деді Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Айтуынша, биыл 248 жасөспірім өз-өзіне қол салуға әрекет жасаған. Олардың 164-і аман қалды, өкінішке қарай 84 бала көз жұмды.

Сонымен қатар министр жаз мезгілінің келуімен жазатайым оқиғалар артқанын айтты. Балалар арасында ең көп таралған трагедия – олардың терезеден құлауы.

Оқи отырыңыз: Пандемия кезінде балаларға қарсы қылмыстар саны өсті – ІІМ

Жыл басынан бері осындай 30 факті тіркеліп, 6 бала мерт болған, 24-і ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ биыл 43 бала жол апатынан көз жұмды.

Жаңалықтар
0