Қоғам

Біртановтың адвокаты Тоқаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады - сот не шешті

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудья үстелі
Судья үстелі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Сот шешімімен аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған бұрынғы денсаулық сақтау министрінің үй қамауында болу мерзімі тағы бір айға созылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева іс бойынша куәгер ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты куәгер ретінде қатыстыру туралы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды.

8 маусымда өткен сот отырысы кезінде Дмитрий Куряченко сотқа Тоқаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады. Қорғаушы мемлекет басшысы Біртановқа қатысты кейбір айыптау тармақтарының қанағаттандырылмайтынын растайтыны туралы пікір білдірді.

Алайда судья Ақмарал Исаева сот шешімімен таныстыру кезінде Біртанов қорғаушысының талап арызы қанағаттандырылмайтынын хабарлады.

"Адвокаттардың Тоқаевты сотқа куәгер ретінде шақыру туралы талап арызын қабылдамау туралы шешім ығарды. Себебі тергеу соты күдіктіге қатысты кінәлі немесе кінәсіздік мәселесін қарастыруға құзырлы емес", – деді судья.

Сондай-ақ сот Біртановтың үй қамауында болу мерзімін ұзарту туралы талап арызын қанағаттандырып, экс-министрдің үй қамауындағы мерзімін 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін созды. Осылайша Елжан Біртанов өткен жылдың қарашасынан бері тоғыз ай бойы үй қамауында отыр.

Мерзім ұзарып, үйінен шығуға рұқсат берілді

Осы жылдың 21 сәуірінде судья Елжан Біртановтың үйқамаудағы мерзімін 14 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын. Сол кезде сот бұрынғы денсаулық сақтау министріне "өмірлік маңызы бар әрекеттерді орындау үшін" таңғы 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін үйінен шығуға рұқсат берген. Ал 6 мамырда өткен сот отырысында экс-министрдің үй қамауындағы мерзімі 14 шілдеге дейін созылды.

Сотта сөйлеген Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған кезде қандай да бір сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол соттан тергеу органының әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрады.

Экс-министр не үшін айыпталуда

Біраз бұрын тергеу соты кезінде прокурор бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты айыптаумен таныстырды. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сотқа дейінгі тергеу 2015 жылы денсаулық сақтау министрлігі Ericsson Nikola Tesla Хорват фирмасымен 17,8 миллион долларға "Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жеткізуге келісімшарт жасағанын анықтады.

Прокурор Төлеген Жараспаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "платформаның жұмыс істемейтінін алдын ала білгенін", "Олжас Әбішевпен (бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі) алдын ала сөз байласу арқылы 2018 жылдың қазанында Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысындағы 17 емдеу мекемесінде платформаны пилоттық үлгіде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойды".

Оқи отырыңыз: Экс-министр Біртановтың үйқамақта болу мерзімі ұзартылды

Прокурордың айтуынша, Біртанов осы әрекеттерімен бюджет қаражатын талан-таражға түсуіне ықпал етіп, мемлекетке 1,5 миллиард теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Біртановтың адвокаттары оның толық кінәсіз екенін айтуда.

Жаңалықтар
0