Қоғам

Біртановтың адвокаты сотқа куәгер ретінде Тоқаевты шақыруды сұрады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Қорғаушылар мемлекет басшысының бұрынғы денсаулық сақтау министріне тағылған айыптардың жекелеген бөліктерімен келіспейтіндігіне куәлік беретініне сенімді

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым - Sputnik. Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко соттан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты іске куәгер ретінде шақыртуды сұрады.

"Қазақстанда тергеу органдары әлемге танымал Ericsson Nikola Tesla компаниясы жұмыс істемейтін 17 миллион теңгенің платформасын жеткізді деп санайды. Алайда тергеу оны өзі бұғаттап тастады. Осыны растау үшін, құрметті сот, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты куәгер ретінде шақыртуды сұраймын. Ол растап қана қоймай, тікелей өзіне бағынатын тергеу органы - қаржылық мониторинг агенттігінің өтірігіне куә бола алады", – деді адвокат.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамаққа алу мерзімін ұзарту туралы мәселесін қарастырды.

Біртановқа қандай айып тағылды

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын ірі көлемде талан-таражға салғаны үшін айыпталып отыр. Прокурор Төлеген Жараспаевтың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу 2015 жылы денсаулық сақтау министрлігі автоматтандырылған ақпарат жүйесін жеткізу үшін 17,8 миллион долларға хорватиялық Ericsson Nikola Tesla компаниясымен келісімшарт жасағанын анықтады. Ал сол кездегі министр Біртанов "платформаның жұмыс істемейтінін біле тұра" және "Олжас Әбішевпен (бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі) алдын ала келісу арқылы 2018 жылдың қазанында Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 17 емдеу мекемесінде платформаны пилотты негізде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойған.

"Елжан Біртанов, Олжас Әбішев және басқа да тұлғалар өздерінің қылмыстық іс-әрекеті арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын талан-таражға салып, мемлекетке ірі көлемде, нақтырақ айтсақ, 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар көлемінде материалдық шығын келтірген", - дейді мемлекеттік айыптаушы.

Біртановтың ұсталуы

Елжан Біртанов өткен жылдың 30 қазанында күдікті деп танылып, қамауға алынды.

6 қарашада сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстырды. Экс-министрге медициналық мекемеге баруды қоспағанда, үйден шығуға, телефонммен сөйлесуге, хат-хабарлама жолдауға және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салды. Сонымен қатар оған отбасы мүшелерінен басқа адамдармен сөйлесуге тыйым салды.

Оқи отырыңыз: Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды

2021 жылдың 21 сәуірінде судья Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімін 14 мамырға дейін созды.

Сот экс-министрге "өмірге қажетті іс-әрекеттерді орындау үшін" таңғы 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін үйден шығуға рұқсат берді. Елжан Біртанов үйқамақта болуына қарамастан жұмысқа орналасты.

Жаңалықтар
0