Қоғам

Нұр-Сұлтан тұрғыны өзі сатқан көлігін қайта ұрлап кетті

© SputnikЖүргізуші куәлігі, архивтегі сурет
Жүргізуші куәлігі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Ер адам машинасын сатып, бірақ көліктің тағы бір кілтін өзіне алып қалған. Ол автокөлікті айдап кетіп, басқа облыста жасырынбақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ер адам көлігін сатып, оны қайтадан айдап әкеткен KIA Rio автокөлігінің жаңа иесі машина ұрлығы туралы полицияға шағымданған. Ол күні бұрын түнде көлігін кілттеп, далада қалдырғанын айтқан. Келесі күні таңертең машинасы жоқ екенін аңғарған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын көрген кезде таңғы сағат 5 шамасында күдікті көлікті кілтпен ашып, айдап әкеткен. Құқық қорғаушылар күдіктінің жеке тұлғасын анықтады. Ол иномарканың бұрынғы иесі екені белгілі болды.

"Машинаны сатқаннан кейін ер адам тағы бір кілтті өзіне алып қалған. Ол көліктің жаңа иесінің мекенжайын да анықтап алған. Автокөлікті айдап әкеткен соң, күдікті машинаны жалдамалы гаражда қалдырып, кейіннен басқа өңірге жолға шыққан", – деді полицияда.

Машина ұрлау фактісі бойынша келтірілген шығын көлемі екі миллион теңгеден асты.

Елордалық полиция қызметкерлері ұзақ іздеуден кейін Қостанайда күдіктіні қолға түсірді. Ол қандай жазаға тартылатыны жайлы полиция қызметкерлері нақты мәлімет ұсынған жоқ. Алайда Қазақстанда машина ұрлығы үшін 1-3 мың АЕК көлемінде айыппұл (2,9-8-7 миллион теңге) немесе абақтыда 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде жазасын өтеу қарастырылған.

Оқи отырыңыз: БАҚ: қылмыс беделділерінен мұнай ұрлау ісі бойынша жауап алынуда

Жаңалықтар
0