Оқиға

БАҚ: қылмыс беделділерінен мұнай ұрлау ісі бойынша жауап алынуда

© AP Photo / Moises CastilloҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнай ұрлау бойынша болжамды ұйымдастырушылардың бірі Алматыдан Ақтөбеге жеткізілді.

Астана, 9 жел – Sputnik. Күш құрылымдарының ауқымды операциясынан кейін ұсталған қылмыс беделдісі арнайы рейспен Алматыдан Ақтөбеге жеткізілді, оған "қара алтынмен" байланысты ірі астыртын әрекеттер жасады деп күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды КТК

Арнайы жасақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БАҚ: мұнай ұрлау ісі бойынша Алматыда ҰҚТ басшысы ұсталды

Телеарнаның деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізілген арнайы операциядан кейін мұнай ұрлауға қатысы ар бірқатар тұлғалар ұсталған екен. Ұсталғандар қатарында болжам бойынша, көп жылдардан бері сал болып қалған спорт меценаты, еліміздегі "Ағайынды төртеу" деген лақап атпен танымал қылмыстық топтың серкесі 50 жастағы Еркін Ізбасаров та бар. 

Арнайы қызмет Ізбасаровты Ақтөбе облысындағы мұнай ұрлаудың ұйымдастырушылардың бірі деп санайды. "Іс материалдарына сәйкес, ол күрделі сызба әзірлеп, ол бойынша ұрланған "қара алтынмен" байып келген. Оған аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттер көмектескен. Салафизм ағымын ұстанған сыбайластарының бірі бүгін ұсталды", — деп хабарлайды КТК. 

Бұдан бөлек жат ағым — салафизмді ұстанатын тағы бірнеше адам ұсталды. Олар қылмыс беделділеріне мұнай өткізуге көмектесіп отырған деп санайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінде. 

7 желтоқсан күні Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы және ІІМ-мен бірігіп Ақтөбе облысы және елдің басқа да аймақтарында  мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтау бойынша арнайы операция өткізген. Ұсталғандар арасында радикалды салафизмді ұстанатындар бар.  


Жаңалықтар
0