Қоғам

Қазақстанда орыс тілді мектептер неге азайып жатыр – министрдің жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевОрыс тілі оқулығы, иллюстративті сурет
Орыс тілі оқулығы, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Білім министрінің айтуынша, мұндай тенденция ата-аналардың өз балаларын қазақ мектептеріне жиі беруімен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазақстанда мектептердің 75%-і қазақ тілінде оқытса, қалған 25%-і – орыс тілді. "Orda News" YouTube-каналына берген сұхбатында білім министрі Асхат Аймағамбетов орта білімдегі үрдістер туралы айтты.

"Қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдайтын ата-аналар саны жыл сайын артып келеді. Бұл мәселеде демография рөл ойнап тұр. Егер сен орыс тілінде білім алғың келсе, бұған тыйым салу деген дүние жоқ", - деді Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, ол Қарағанды облысының білім басқармасын басқарып тұрған кезде-ақ (2014-2017 жылдары) орыс тілді оқытушылар мен орыс тілінде оқитын балалар санының азаю тенденциясы байқалған.

Бұған дейін мектеп оқушылары жаңа оқу жылында дәстүрлі форматқа оралып-оралмайтыны белгілі болды. Білім министрінің айтуынша, барлығы халықты вакциналау қарқынына байланысты болмақ.

Жаңалықтар
0