НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. 50 жылдан астам уақыт бұрын Шарында сел жүрген кезде ондаған адам көз жұмды. Осы қайғылы оқиға туралы Роза Араева әңгімелеп берді.
Елу төрт жыл бұрын Шарын шатқалындағы қайғылы жағдай 60 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Роза Араева Кеген ауылына саяхаттың соңы күйеуінің және басқа да адамдардың ажалымен аяқталғаны туралы айтып берді.
"Бұл 12 шілде, сейсенбіде болған оқиға. Ол кезде ПАЗиктер жүретін. Біздің автобуста орын аз болды. Бірақ жүргізуші көп адамды отырғызып алды. Көпірге жақындаған кезде жартастардың арасынан қап-қара су ағыны байқалды. Маған ол тоғыз басты айдаһар немесе басқа бір құбыжық секілді көрінді. Сөйтіп су толқыны бізге де жетті. Мен көзімді ашуға тырыстым, бірақ, қараңғыдан көзім ашық па, жоқ па, дұрыс түсіне алмадым. Біресе су бетіне шығамын, біресе қайта батамын", - деп бөлісті алматылық тұрғын.
Оның автобустан қалай шыққаны еміс-еміс есінде. Ол кезде әйел тек өзінің емес, баласының өмірі үшін де алаңдады. Себебі оның аяғы ауыр болатын және жүктілік мерзімі үш айға толған. Ол әңгімелеп бергендей, дәл сол сәтте бірнеше ер адамның бағаналардан ұстап тұрғанын көріп, бар күшін жинап, соларға қарай жүзіп жеткен.
Артына қарағанда аударылған автобус пен жағалауға шығарылған адам мәйіттерін көрген.
"Мен айналама көз жүгіртіп жатқанымда әлгі жігіттер көпірге көтерілді. Содан кейін одардың бірі келіп, мені қолымнан тартып, көпірге шығарды. Мен күйеуімді іздей бастадым. "Разбек, Разбек, қайдасың?" деп айқайлай бастадым. Ол бейнебір төсекте жатқандай біздің жанымыздан жүзіп өте шықты", - деп естеліктерімен бөлісті Роза Араева.
Оқи отырыңыз: "Балаларды жақсы көрді": Шарында қайтыс болған ұстаздың достары естелік бөлісті – видео
Еске салсақ, 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүріді. Оқушылар, олардың ата-анасы мен ұстаздары лай судың құрсауында қалып қойды. Бұл қайғылы жағдайдың салдарынан мектеп оқушысы мен мұғалім көз жұмды. Сел суы шайып кеткен тағы бір оқушы қыз келесі күні аман табылды.