00:32 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96

Шарын шатқалындағы тасқын су алматылық мектеп мұғалімінің өмірін қиды. Марқұм Мерей Ибрагимовтің достары оның қандай адам болғанын еске алды

Ратмир мен Икрам оны бала кезінен білетін. Олар Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінде кездесіп, Мерейдің өмірі өнермен өрілгенін атап өтті.

Мерей диплом алған соң, өзі білім алған оқу орнында жұмыс істеуге қалған. Сонымен қатар, ол өзінің кәсіби біліктілігін Чехия мен Италияда шыңдап, шет тілін де жетік меңгерген.

"Біз жақын дос едік. Сондықтан да әркез бірге болдық және бал балалық шағымызды бірге өткіздік", – дейді марқұмның досы Ратмир Афанасьев.

"Мен оның жарқын бейнесін жүрегімде сақтаймын. Онымен бірге болған кезімдегідей, мен ешқашан ешкіммен ерекше қуанған емеспін. Әрдайым біз көңілді жүретінбіз", – деп қосты Икрам Мамедов.

Мерей Ибрагимов сәндік-қолданбалы өнер мен мүсін бөлімін, "Металды көркем өңдеу" және "Көркем керамика" ккафедрасын басқарды.

Ибрагимовтің жалпы педагогикалық өтілі бес жыл еді. Оның соңғы үш жылында №199 гимназияда жұмыс істеді. Ол оқушылармен бірге экскурсияға барғанда төтенше жағдай салдарынан көз жұмды.

Алматы қалалық білім басқармасы қайтыс болған мұғалімді жауапкершілігі жоғары маман ретінде атады.

"Ол өз ісінің шебері әрі бір емес бірнеше түлекті тәрбиелеп шығарған оқушылардың сүйікті ұстазы еді. Ерекше шығармашылық дарын иесі және мақсаты айқын азамат әркез көңілді жүріп, шынайы күле білетін. Ол сондай қасиеттерімен достарына сыйлы болды", – деп атап өтті басқарма өкілдері.

Достарының айтуынша, Мерей өте қайырымды әрі сезімтал жігіт болған.

"Мен оның өте мейірімді адам екенін әрдайым сезетінмін. Тіпті, мен көмек сұрамасам да, ол маған әрдайым көмектесетін. Бір анығы, оның жүріс-тұрысы ширақ, жан әлемі саф таза болатын. Сондықтан да ол балаларды құтқаруға ұмтылды. Өйткені, ол балаларды өте жақсы көретін", – дейді Ратмир Афанасьев.

Толығырақ Sputnik Қазақстан бейнематериалынан тамашалаңыз.

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға

Алматы гимназиясының сегіз оқушысы ата-ана, ұстаздарымен бірге Шарын шатқалына экскурсияға барғанда тосыннан сел жүрген.

"Олармен бірге бес ата-ана және үш мұғалім болды. Сапар демалыс күнге жоспарланғандықтан, бұл туралы мектеп әкімшілігімен ешқандай келісілмеген", – деп хабарлады қалалық білім беру басқармасы.

Сел салдарынан оқушы мен мұғалім қаза тапты. Олардың отбасыларына қажетті қолдау, соның ішінде материалдық көмек беруге уәде етілген.

Сондай-ақ, Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына алты адам түсті, олардың арасында балалар да болды.

Селден кейін жоғалған оқушы қыз тек келесі күні оқиға орнынан үш-төрт шақырым жерден табылды. Қыздың айтуынша, ол сыныптастарымен бірге жарқабақ астында жауыннан қорғанған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан саябағындағы дүрлікпе: жағажайдың ашылуы және тегін аттракциондар – видео

Кейінірек, осы оқиғаға қатысты түсініктеме берген төтенше жағдайлар министрлігі Шарын шатқалы мен оның ойпаттары сел жүру қаупі бар аймақтарға жатпайды деп мәлімдеді. Өйткені, соңғы күндері Алматы қаласы мен Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне Қазгидрометтен бұл аймақта дабыл туралы ықтимал ескерту хабарламасы түспеген.

Департамент дерегінше, сайда сел жүрмеген, бірақ нөсер жаңбыр салдарынан балшық пен су ағыны пайда болған. Салдарынан шатқал табанында су тасқыны жүріп, екі адам қаза тапты.

Кілт сөздер:
Алматы облысы, қайғылы оқиға
Загрузка...

Басты тақырып