Қоғам

Ashyq қосымшасында тағы да ақау шықты

© Sputnik / Абзал КалиевПриложение ASHYQ
Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
Бүгін ғана жарияланған елдің бас санитар дәрігерінің қаулысына орай, Ashyq қосымшасының пайдалану географиясы Қазақстан бойынша кеңейтілуі тиіс болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Ashyq қосымшасынан тағы да ақау шықты. Бұл туралы жобаның Telegram-каналында хабарланды.

Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Қоғам
Ashyq арқылы адамның қай жерге барғанын бақылай ма – министрлік жауабы
"Құрметті Ashyq қосымшасының қолданушылары, бізде қосымшадағы мәртебені көрсету кезінде техникалық проблемалар туындауда. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз! Ashyq-тың осы жүйедегі баламалы нұсқасын қолдануларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Бұған дейін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов қазақстандықтарға Ashyq қосымшасының баламалы жүйесі – Ashyq-Aitu туралы айтқан болатын.

Aitu жүйесінде республикалық ПТР мәліметтер базасы бар болғандықтан, "қызыл" мәртебеге ие адамдар бірден анықталады.

Айта кетейік, пайдаланушылар осымен үшінші күн қатарынан Ashyq қосымшасын пайдалануда қиындықтарға тап болып жатыр.

22 мамырда таңертең жобаны әзірлеушілер барлық ақау қалпына келтірілетінін мәлімдеді, бірақ кейінірек жүйе қайта бұзылды. Ал қосымшаның қашан іске қосылатыны әлі хабарланбады.

Ал елдің бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына орай, Ashyq қосымшасының пайдалану географиясы Қазақстан бойынша кеңейтілуі тиіс болатын.

Жаңалықтар
0