Қоғам

Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады

CC0 / Fabian Wiktor / Рисунок от руки
Рисунок от руки - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Жаздың алғашқы айында Қазақстанда бірнеше халықаралық мереке бар, алайда оның ешқайсына демалыс берілмейді

АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Маусымда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Жаздың басы сейсенбіге түседі, ол – жұмыс күні.

Мереке болмағандықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар маусым айында 8 күн демалады. Осылайша, 5, 12, 19, 26 маусым (сенбі) және 6, 13, 20, 27 маусым (жексенбі) күндері демалыс болады.

Дей тұрғанмен маусымда Қазақстанда бірнеше мереке бар. Олар:

  • 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
  • 6 маусым – қаржы полициясы күні;
  • 20 маусым – медицина қызметкерлері күні;
  • 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.

Айта кетейік, маусымда көптеген маңызды күн мен халықаралық мерекелер бар. Олар:

  • 1 маусым – Балаларды қорғау күні;
  • 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні;
  • 26 маусым – есірткіні теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні.

Бұл мерекелердің ешқайсында демалыс берілмейді.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

Әлемде және Қазақстанда қай күні қандай мереке бар екенін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

Жаңалықтар
0