НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа қаулыда соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барып-қайтқан адамдар 14 күн бойы үйде оқшауланатыны (үй карантині) атап көрсетілген.
"Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарсы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі. Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін", – делінген құжатта.
Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі осы қаулыға сәйкес, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына соңғы 14 күн ішінде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдардың тізімдерін ұсынуы тиіс.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдардың тізімдерін ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.
Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз.
Оқи отырыңыз: Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: жолаушылар нені білуі керек
Айта кетейік, бұған дейін Мальдив аралдарында коронавирус жағдайының өршуіне байланысты коменданттық сағат енгізілген болатын. Ал Air Astana әуе компаниясы бұл елге тікелей рейстерді тоқтатты.