Қоғам

Қазақстандық танымал әзілкештің бесінші баласы дүниеге келді  

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Қанат Әлжаппаров пен Нұргүл Құдайбергенованың шаңырақ көтергеніне биыл 12 жыл болды. Өнерпаздың екі ұл, үш қызы бар

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров қызды болды. Бұл оның бесінші сәбиі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қанат Алжапбаров (@alzhapbarov)

Сүйінші жаңалықты әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін мен үшін қуанышты жаңалық болды. Бес баланың әкесі атанып жатырмын. Қыз бала дүниеге келді. Құттықтап жатқан барлық досыма алғысымды айтамын. Баршаңызға жұғысты болсын. Сіздер де сәбилі болыңыздар", - деді әзілкеш.

Оқи отырыңыз: 25 жастағы әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді

Айта кетейік, Қанат Әлжаппаров пен Нұргүл Құдайбергенованың шаңырақ көтергеніне биыл 12 жыл болды. Өнерпаздың екі ұл, үш қызы бар.

Жаңалықтар
0