Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжатты үйге жеткізу қызметі іске қосылды

© Sputnik / Болат ШайхиновДокументы
Документы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Мемлекеттік корпорация жаңа қызмет қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдейтінін айтты

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу қызметін іске қосты.

Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің телнұсқасын беру секілді құжаттар бар.

Жақында жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспорт секілді құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі іске қосылады. 

"Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл клиенттердің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетіп, қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазір сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алады", - деді  "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Құжаттарды үйге жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжаттарды жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS жолданады.

Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде іске қосылды. Курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

2020 жылдың қазанында еgov.kz электронды үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен дайын техникалық паспортты үйге жеткізу сервисі іске қосылған болатын.

Жаңалықтар
0