Қоғам

Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

© Photo : Рixabay/PexelsБеременность
Беременность - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Декретке шығуды жоспарлап отырған әйелдер енді халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып құжат өткізбесе де болады. Олар үшін жұмыс берушілер әлеуметтік төлемді рәсімдей алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар жүкітілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде рәсімдей алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, енді жұмыс берушілер қажетті мәліметті электрондық еңбек биржасының порталы арқылы беруге тиіс.

Осылайша жүктілігіне байланысты демалысқа шығатын әйелдер халыққа қызмет көрсету орталығында құжат тапсырмайды.

"Осы жылдың мамырынан бастап электрондық еңбек биржасында Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады", - делінген ақпаратта.

Ол үшін жұмыс беруші жұмыскердің демалысқа шығу фактісін электрондық еңбек биржа порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау қызметі қашан цифрландырылады

Деректер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі. Оған үш күн ішінде жауап беру қажет.

Жаңалықтар
0