Қоғам

Бес елге жаңа рейстер ашылады: қазақстандықтар қайда ұша алады

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALҰшақ жолаушылары, архивтегі сурет
Ұшақ жолаушылары, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанға бес елмен тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашуға рұқсат берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстан бес ел – Черногория, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашады және ұлғайтады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Халықаралық әуе рейстерінің санын ұлғайтуға Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия рұқсат берген.

Черногория

2021 жылы 15 мамырдан бастап қазақстандықтар аптасына 5 рейспен Алматы – Подгорица – Алматы және аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша ұша алады.

Біріккен Араб Әмірліктері

2021 жылы 10 мамырдан бастап Алматы – Дубаи – Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан - Дубаи - Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.

Қырғызстан

2021 жылы 15 мамырдан бастап аптасына 7 рейспен Алматы – Тамшы – Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Өзбекстан

2021 жылы 15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы - Самарқанд - Алматы бағытында әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: жолаушылар нені білуі керек

Сонымен қатар, 20 мамырдан бастап "Эйр Астана" компаниясының Атырау – Франкфурт – Атырау бағытындағы рейстері кезең-кезеңмен Атырау - Амстердам – Атырау бағытындағы рейстерге ауыстырылады. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сай орындалады.

Жаңалықтар
0