Қоғам

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр – министрлік

© Sputnik / Тимур БатыршинВ палате больницы с коронавирусом
В палате больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті, деп хабарлайды министрлік

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

9 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирустан 20 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан бес қазақстандық көз жұмды.

Бір күн бұрын дәрігерлер коронавирус пен пневмониядан 16 адам қайтыс болғанын айтты.

Барлығы 344 731 қазақстандық коронавирус жұқтырып, 3 928 адам қайтыс болды. COVID-19 белгілері бар пневмония 53 564 адамнан анықталды, 832 науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда вирус жұқтырғандар туралы жаңа ақпарат шықты

11 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 41 094 адам бар (40 692 КВИ+ және 402 КВИ-), оның ішінде 15 068 пациент стационарда, 26 026 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 802 науқас ауыр жағдайда,
  • 186 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 105 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0