Қоғам

Қазақстанда вирус жұқтырғандар туралы жаңа ақпарат шықты

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHСотрудник лаборатории работает с пробирками, в которых содержатся положительные пробы на коронавирус
Сотрудник лаборатории работает с пробирками, в которых содержатся положительные пробы на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында анықталды. Одан кейінгі көрсеткіш Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 766 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Қалалар мен өңірлер мен бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 249,
  • Алматы қаласы - 430,
  • Шымкент қаласы - 75,
  • Ақмола облысы - 114,
  • Ақтөбе облысы - 24,
  • Алматы облысы - 125,
  • Атырау облысы - 38,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 79,
  • Жамбыл облысы - 42,
  • Батыс Қазақстан облысы - 108,
  • Қарағанды облысы - 262,
  • Қостанай облысы - 25,
  • Қызылорда облысы - 27,
  • Маңғыстау облысы - 13,
  • Павлодар облысы - 119,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 12,
  • Түркістан облысы - 24.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 346 497.

Жаңалықтар
0