Қоғам

Жарты миллион қазақстандық Жеңіс жолында қаза тапты – Тоқаев

© Sputnik / Абзал КалиевВозложение цветов к Вечному огню в День Победы в Нур-Султане
Возложение цветов к Вечному огню в День Победы в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
2021 жылғы Жеңіс күнін бізбен бірге 665 майдангер мен 100 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.  

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың баспасөз хатшысы Жеңіс күніне қатысты қандай шешім қабылданғанын айтты 

"Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін фашист басқыншыларына қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты. 

"Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады", - деді Тоқаев.            

Биылғы Жеңіс күнін 665 майдангер мен 100 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алып отыр. Олардың ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмайды.

Президент соғыс және тыл ардагерлеріне, барша қазақстандыққа бейбіт тіршілік, зор денсаулық, бақ-береке тіледі.

Жаңалықтар
0