15:18 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2114 0 0

Ел президентінің өкімімен Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Жеңіс күніне орай өтетін салтанатты шаралар 2022 жылға ауыстырылды.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды", - деді ол.

Уәли Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтелетінін атап өтті. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайды

Қазақстанда былтыр және биыл эпидемиологиялық жағдайды ескеріп Жеңіс күніне орай әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылданды. Өткен жылы бұқаралық шаралар ұйымдастырылмаса да, ардагерлер назардан тыс қалған жоқ: оларды ел басшылығы, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер құттықтады.

2021 жылы елордада ардагерлер үшін көшпелі концерт өткізу жоспарланып отыр.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мереке қарсаңында бір миллион теңгеден төленді, деп хабарлады бұған дейін еңбек министрлігі.

Тақырып бойынша

Ресейдің 30-ға жуық қаласында Жеңіс күні құрметіне әскери парад өтеді
Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңгеден төленеді
Кілт сөздер:
Жеңіс күні, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып