16:17 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2476 0 0

Ақжігіт Бекбердиев салық органдарында 30 жылдан астам жұмыс істеді. Әзірге өлім себебі айтылмады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ақжігіт Бекбердиев қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Бекбердиевтің сейсенбі, 4 мамыр күні қайтыс болғанын айтты.

"Бүгін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының қайтыс болғанын растаймыз", - деді ведомстводағылар.

Қайтыс болу себебі нақтыланбады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері өмірден өтті

Айта кету керек, Бекбердиев департамент басшысы қызметіне 2019 жылдың 22 қазанында тағайындалды. Бұған дейін ол бес жыл бойы Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Бекбердиев 1989 жылдан бастап салық органдарында әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.

Кілт сөздер:
Алматы, қайтыс болды, салық
Загрузка...

Басты тақырып