02:32 18 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD427.41
  • EUR519.47
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6246 0 0

Отставкадағы генерал-майор Қамза Ыбыраев 68 жасқа қараған шағында дүниеден озды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Қамза Ыбыраев өмірден өтті, деп хабарлайды ҰҚК ресми сайты.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы және "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Қамза Төкешұлы Ыбыраевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ыбыраев 1953 жылы 27 маусымда туған. Әртүрлі жылдары Шығыс Қазақстан облысы ҰҚК басқармасының, Павлодар облысы ҰҚК департаментінің басшысы болып қызмет атқарды. Бұған қоса, ҰҚК-ның Әзербайжан мен Түрікменстандағы өкілі болды.

Тағы оқыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Саят Мыңбаев дүниеден озды

Еске салсақ, сәуірде ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаевтың қайтыс болғаны хабарланды. Ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.

Кілт сөздер:
ардагер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Загрузка...

Басты тақырып