Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Саят Мыңбаев дүниеден озды

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Саят Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың үлкен ағасы

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Саят Мыңбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту хабарламасы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Саят Мыңбаев
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Саят Мыңбаев дүниеден озды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Саят Мыңбаев

"Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлының қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы мен "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ марқұмның отбасы мен туған-туыстарының  қайғысына ортақтасып көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Ашық ақпарат көздеріндегі деректерге сүйенсек, Саят Мыңбаев ҰҚК-нің әскери қарсы барлау бөлімінің бастығы болып бұрынырақта қызмет атқарған. Ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.

Жаңалықтар
0