Қоғам

Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды: қандай өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на улице в Нур-Султане
Люди в масках на улице в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Жазылу
2021 жылдың 3 мамырынан бастап күшіне енетін қаулыда мешіттер мен басқа да діни орындар аумағындағы ашық аспан астында кейбір талаптарды сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Қазақстан республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыға сәйкес, вакциналанған азаматтардан Қазақстан шекарасынан өту кезінде ПТР анықтамасы талап етілмейді (егер вакцина салдырғаны туралы құжаты болса). Сон сияқты шетелден Қазақстанға келетін адамдар мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде, теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтама (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуы керек. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, оларды алып жүретін адамдардан да анықтама сұралады және құжаттағы көрсетілген мерзім шекарадан өту кезінде 3 күннен асып кетпеуі тиіс.

"Егер пациенттен COVID-19 диагнозы расталса, оған медициналық көмек көрсеткен қызметкерлер үй карантинінде оқшауланып, COVID-19-ға қарсы зертханалық тексеріс жүргізіледі. Егер нәтиже оң болса, оны жұмыстан шеттетіп емдеуге жібереді. Ал теріс нәтиже көрсетсе, ол өз міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы дәрігердің бақылауында болады", - делінген қаулыда.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық кампаниялар мен басқа да кеңселердің COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған және соңғы 6 айда COVID-19 ауруымен ауырмаған қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Ал ондай міндеттерді қашықтан орындау мүмкін болмаған кезде, жұмыс қалыпты жағдайда жалғасады.

Мұндай талап мәдени нысандар мен санаторийлердің, демалыс үйлері мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің жұмыс берушілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 айда COVID-19-бен ауырмаған жұмысшыларды қашықтан істеуге жіберуге міндетті. Олардың өндірістік объектіде болуы талап етілмейді.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында карантин күшейтілді

Медицина қызметкерлері еңбек демалысынан, іссапардан, сырқаттанғандықтан жұмыс орнында болмауына байланысты, медициналық жоғары оқу орындарының және медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдардажұмысқа кіріспес бұрын медициналық ұйымға COVID-19 сынағының теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болғанда ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сондай-ақ олардың ПЦР анықтамасы 3 күннен аспауы тиіс және COVID-19 вакцинациясының толық курсын алғандығын растайтын құжаты болуы керек.

Мешіттердің, православие шіркеулерінің және басқа да діни орындардың аумағында ашық аспан астында ұжымдық діни іс-шараларды (жұма намазы, күнделікті православтық дұғаларды және басқаларын қоса алғанда) өткізу маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып жүзеге асырылады. Бір адамға 4 метр.

Қаулы 2021 жылдың 3 мамырынан бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.

Жаңалықтар
0