Өңірлер

Қарағанды облысында карантин күшейтілді

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Караганда
Виды города Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Қазіргі кезде Қарағанды облысы "қызыл" аймақта тұр. Өңірде бір тәулікте 255 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өңірдегі карантин туралы қаулығы өзгерістер енгізді. Толықтырулар Ashyq қосымшасы арқылы қызмет көрсететін нысандардың жұмысы мен мектептегі білім беру режиміне қатысты.

Осылайша өңірде жалпы оқушы саны 300-ге дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптағы бала санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді.

Ал сабақ уақытынан тыс жүргізілетін жеке оқытулар кезінде топтағы бала саны 10-нан, сондай-ақ облыс аудандарында 5-тен аспауы керек және әлеуметтік қашықтық сақталуы тиісті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Қарағанды, Теміртау, Сарань, Шахтинск, Балқаш, Приозерск, Жезқазған қаласы мен Сәтпаев, Абай, Нұра, Осакаров аудандарының жалпы білім беру мекемелеріндегі 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар аралас форматта оқуға рұқсат берілді.

Құжат 30 сәуірден бастап күшіне енді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Айта кетейік, эпиедмиялық жағдайды бағалау бойынша облыс "қызыл" аймақта тұр. Өткен тәулікте өңірде 255 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.

Жаңалықтар
0