Қоғам

"Ashyq" мобильді қосымшасында вакциналау паспорты қашан пайда болады

© Sputnik / Владислав ВодневПриложение ASHYQ
Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Қазір вакциналау паспортын IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен интеграциялау мәселесі де қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Вакциналау паспорты мен "Ashyq" қосымшасы осы жылдың 1 шілдесінде біріктіріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Вакциналау паспорты мен "Ashyq" қосымшасын интеграциялау 2021 жылы 1 шілдеде жүзеге асады", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазір вакциналау паспортын IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен интеграциялау мәселесі қаралып жатыр.

Вакциналау паспортында адамның қандай екпе, қандай дозада, қай күні алғаны туралы мәліметтер жазылады.

Паспорт вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін беріледі.

Ashyq – кәсіпкерлерге карантин кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қосымша. Мобильді қосымша қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеп, кәсіп иесіне коронавируспен ауырған адамдар туралы ақпарат береді.

Мәжіліс депутаты Ashyq қосымшасын сынап тастады

Қандай да бір мекемеге кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код әлгі адамның статусын анықтайды.

"Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз.

"Сары" статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді.

"Көк" түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда, жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз.

"Жасыл" түс ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан адамдар үшін жанады.

"Қызыл" немесе "сары" статус шыққан клиенттер мекемеге кіргізілмейді.

Жаңалықтар
0