Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Мыңға жуық науқас еліміздің инфекциялық стационарларында ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 17 адам, пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

29 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 526 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 709-і стационарда, ал 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

Оқи отырыңыз: QazVac вакцинасының сынағы: үшінші кезеңнің аралық нәтижелері жарияланды

Оның ішінде, ауыр жағдайда - 760 науқас, өте ауыр ауыр жағдайда - 199 науқас, жасанды тыныс алдыру аппаратында – 114 науқас бар.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус  316 965 адамда анықталған, 3 638 адам көз жұмған.

Өткен жылдың 1 тамызынан ковид белгілері бар пневмонияның 52 739  жағдайы тіркелді, бұл дерттен 791 адам көз жұмды.

29 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы 1 092 757 адам вакцина алды.

Жаңалықтар
0