10:04 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (195)
119 0 0

Клиникалық сынақтың үшінші сатысы 25 маусымда аяқталады, осыдан кейін препараттың тиімділігін толық бағалау жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстандық QazVac вакцинасы клиникалық сынағының соңғы кезеңінің аралық нәтижелері жарияланды.

"QazVac вакцинасын клиникалық зерттеудің бірінші-екінші фазасының нәтижелері бойынша есептер және үшінші фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында.

Сынақтың үшінші кезеңі хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50%-нен өтті. Үшінші фаза осы жылдың 25 маусымында аяқталады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін QazVac-тың тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.

"Вакциналардың клиникалық зерттеулері, соның ішінде үшінші фазада, бүкіл әлемде жалғасуда. Мәселен, Ресей "Спутник V" зерттеулерін 2021 жылы мамырдың басында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әлемдегі көптеген фармацевтика компаниясы өз сынағын 2022-2023 жылдары аяқтайды", - деп атап өтті ведомство.

QazVac – COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған вакцина. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның тиімділігі 90%-тен жоғары, деп нақтылады денсаулық сақтау министрлігі.

Тағы оқыңыз: QazVac салына бастайды: қазақстандықтар отандық вакцина туралы не білуге тиіс

Препаратты білім және ғылым министрлігіне қарасты биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірледі.

Вакциналау 2 кезеңнен тұрады: бірінші және екінші дозаның арасы – 21 күн.

Қазақстанда вакцина 18 жастан асқан адамдарға салынады, 18 жасқа дейінгі балалар үшін оның тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі зерттелмеген.

Бүгінде өңірлерге QazVac вакцинасының 50 мың дозасы таратылды: Нұр-Сұлтан мен Алматы 6 мың дозадан, Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары 4 мың дозадан, ал қалған өңірлер 2 мың дозадан алды.

Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады деп жоспарлануда. Болашақта препарат өндірісі кезең-кезеңмен айына 500 мың дозаға дейін артады.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (195)

Тақырып бойынша

Атырау облысының әкімі вакцина салдырды – фото
Нұр-Сұлтанда тағы екі сауда орталығында вакцина егу пункті ашылды
Тоқаев отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастағанын хабарлады
Алексей Цой отандық вакцинаны тікелей эфирде салдырды
Кілт сөздер:
Денсаулық сақтау министрлігі, вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып