Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневВрач работает с аппаратурой в отделении интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач работает с аппаратурой в отделении интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Коронавирус індетінен емделіп жатқан науқастардың саны 40 мыңға жуықтады, 176 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 30 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Тәулік ішінде 2 530 адамнан коронавирус инфекциясы және 11 адамнан пневмония анықталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір тәулікте 2500-ден астам адамнан коронавирус анықталды 

20 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 38 997 адам ем қабылдап жатыр, оның 13 836-і стационарда, ал 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

КВИ + және КВИ- науқастарының арасында:

  • ауыр жағдайда – 663 науқас,
  • өте ауыр ауыр жағдайда – 176 науқас;
  • жасанды тыныс алдыру аппаратында – 96 науқас.
Жаңалықтар
0