НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 30 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Тәулік ішінде 2 530 адамнан коронавирус инфекциясы және 11 адамнан пневмония анықталды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір тәулікте 2500-ден астам адамнан коронавирус анықталды
20 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 38 997 адам ем қабылдап жатыр, оның 13 836-і стационарда, ал 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ + және КВИ- науқастарының арасында:
- ауыр жағдайда – 663 науқас,
- өте ауыр ауыр жағдайда – 176 науқас;
- жасанды тыныс алдыру аппаратында – 96 науқас.