Қоғам

"Қызыл" статус шыққан қазақстандықтар қалай жазаланады

© Sputnik / Абзал КалиевПриложение ASHYQ
Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Ashyq мобильді қосымшасы қоғамдық орындарға келген азаматтарды тіркеп, кәсіп иесіне коронавируспен ауырған адамдар туралы ақпарат береді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тамақтану объектілерін, тәрбие мен білім беруді санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқарамасының басшысы Марал Рақымжанова коронавирус жұқтырғанына қарамастан қоғамдық орынға кірмек болған адамдарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұндай адамдарға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бабына сәйкес 5 АЕК (14 585 теңге) немесе 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген", – деді Рақымжанова брифингте.

Айтуынша, Ashyq жобасы қазір пилоттық режимде істейтіндіктен, әзірге ешқандай жазалау шарасы қолданылмаған. Тек, түсіндіру жұмысы жүріп жатыр.

"Вирус жұқтырған әр адамға оқшаулану мен үй карантинінің қажеттілігі түсіндірілген қолхат беріледі. Немесе ол адам ауруханаға жатқызылады", – деді ол.

Ashyq мобильді қосымшасы пилоттық режимде 17 қаңтарда іске қосылды. Мобильді қосымша қоғамдық орындарға келген азаматтарды тіркеп, кәсіп иесіне коронавируспен ауырған адамдар туралы ақпарат береді. Қандай да бір мекемеге кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді.

Оқи отырыңыз: Ashyq қосымшасы: статусты тексеру үшін арнайы сервис іске қосылады

Мекеменің QR-кодын сканерлегеннен кейін келген адамның статусы түрлі-түсті форматта көрсетіледі.

  • "Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз.
  • "Сары" статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді.
  • "Көк" түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда, жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз.
  • "Жасыл" түс ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан адамдар үшін жанады.
  • "Қызыл" немесе "сары" статус шыққан клиенттер мекемеге кіргізілмейді.
Жаңалықтар
0