17:41 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
146 0 0

Қазір елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентті құрайды. Яғни, 449 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнет жасына жақындаған қызметкерлерді қолдау бойынша жаңа жобаны қолға алып жатыр. Ол бойынша мемлекет егде жастағы жұмысшылардың еңбекақысын субсидиялайды. Бұл туралы брифингте вице-министр Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол зейнетке әлі шықпаған егде жастағы адамдардың жұмыс табуы қиын екенін атап өтті. Осыған байланысты ведомство "Күміс жас" атты жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

"Ол бойынша біз екі жыл бойы, зейнетке дейін жұмыс берушіге еңбекақының белгілі бір көлемін өтейміз. Қазір бұл мәселе пысықталып жатыр, ұсыныс қолдау тапты. Бізде нақты цифрлар, болжам бар. Енді осы мәселелерді шешу керек", – деді Біржанов.

Айтуынша, 40-45 жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша ешқандай проблема жоқ. Бұл санат еңбек нарығында өте белсенді саналады.

Вице-министр оқуды енді бітірген жастар да көпке дейін жұмыс таба алмай қиналатынын айтты.

Министрлік жастар үшін "Жастар практикасы" және "Алғашқы жұмыс орны" атты жобаларды әзірледі.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар Қазақстандағы жұмыссыз жастар үлесін есептеп шығарды

Еңбек министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентті құрайды. Яғни, 449 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.

Тақырып бойынша

Тоқаев жастар саясатына қатысты ұлттық жоба туралы айтты
Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендей ме?
Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында әкімдіктерге жаңа міндет жүктелді
Депутат жұмыспен қамту орталықтарының былығын әшкереледі
Тоқаев жұмыссыздық жайлы: мәселені шешпесек, қиын жағдайдан шыға алмаймыз
Кілт сөздер:
зейнет жасы, еңбек өтілі
Загрузка...

Басты тақырып