22:21 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Қазақстандағы әрбір төртінші жас жұмыссыз және олардың көпшілігі алты ай бойы жұмыс таба алмай жүріп қалады

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Finprom.kz порталының сарапшылары Қазақстандағы жұмыссыздардың қанша пайызы жастар үлесіне тиесілі екенін және олардың жұмыс табуға қанша уақыт кететінін есептеп шығарды.

"Жұмыссыз жастардың үлесі Қазақстандағы барлық жұмыссыздардың 16,9 процентін құрады. 2020 жылғы бұл көрсеткіш 18,4%-ті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ті құрады. Әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ке, ал ерлердіке 2,9%-ке тең", – деп көрсетілген зерттеуде.

2020 жылдың төртінші тоқсанында республикада 15 пен 28 жас аралығындағы 76,6 мың жұмыссыз жастар болды және бұл бір жыл бұрынғы деңгеймен 5,5%-ке аз. Оның 32,5 мыңы – ер, 44,1 мыңы – әйел адам. 48 мың жас қалада, 28,6 мың адам ауылдық жерлерде тұрады.

Қай өңірлер көш бастап тұр

Республика бойынша жұмыссыз жастардың ең көбі Алматыда (18,9%-ті немесе 14,5 мың адам) тұрады: бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ке аз. Одан кейін Алматы (9,7 мың адам) мен Түркістан (6,7 мың адам) облысында тіркелген.

Жұмыссыздар санының едәуір өсуі Солтүстік Қазақстан (жылына 34,3%) мен Павлодар облысында (33,9%) байқалады. Сондай-ақ, Ақмола облысында да жылдық өсу қарқыны 22,8%-ке жеткен. Көрсеткіштің ең көп төмендеуі Ақтөбе облысында тіркелген.

Жастар қанша уақыт жұмыс іздейді

Жұмыссыз жастардың көпшілігі – 21,1 мың адам (бір жыл бұрынғыдан 21% көп) үш айдан алты айға дейінгі аралықта жұмыс іздеген.

Оқи отырыңыз: Елімізде 400 мың жұмыс орны құрылса, 300 мыңы жабылып жатады – министр

Келесі 21 мың адам бір айдан үш айға дейінгі аралықта жұмыс табуға тырысқан (жылына -22%). 14,5 мың жас жұмыс іздеуді алты айдан бір жылға дейін жалғастырады.

Тақырып бойынша

Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Депутат ерлер мен әйелдер үшін зейнетақы жасын төмендетуді ұсынды
Студент жұмыс іздейді: білім алып жүріп, қалай ақша табуға болады?
Қазақстанда жұмыссыздар саны 8 есеге өсті 
Мәжіліс депутаты жұмыссыздарға бір триллион теңгені таратып беруді ұсынды
Пандемияға қарамастан жұмыссыздықты 5% деңгейінде сақтап қалдық – Мамин
Кілт сөздер:
жұмыспен қамту, жұмыссыздық
Загрузка...

Басты тақырып