03:54 06 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.85
  • EUR512.35
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі сәуір айының соңына дейін жеткізілетін 500 мың доза нақты қай өндірушілердің вакцинасы екенін нақтыламады

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Осы айдың соңына дейін Қазақстанға басқа өндірушілерден 500 мың вакцина дозасы жеткізіледі. Алайда денсаулық сақтау министрлігі вакцина атауларын жария ете алмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сәуір айының соңына дейін басқа өндірушілерден 500 мың доза және отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы түседі. Бұл елдің екі миллион азаматын вакциналауға мүмкіндік береді", - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарды вакциналау науқаны қалай жүріп жатыр – министр жауабы

Алайда шенеунік 500 мың доза нақты қай өндірушілердің вакцинасы екенін нақтыламады.

"Біз шынымен де көптеген өндірушімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олардың әрбіріне қатысты шешім вакциналауды өткізу мен қауіпсіздігі туралы барлық расталған құжатты алған кезде ғана ұсынылады... Келіссөз процесінің қиындығы мен "нәзіктігін" ескеріп, мен сіздерге қазір нақты кіммен, қандай көлемде келісіп жатқанымызды айта алмаймын. Уағдаластыққа қол жеткізіп, тиісті келісімге қол қойған бойда сіздерге ресми түрде ақпарат береміз", - деп сендірді ол.

Айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті 435 мың адамға егілді, екіншісі 107 мың адамға салынды.

Сәуірдің басында өңірлерге 923 мың вакцина дозасы жеткізілді. Айдың соңына дейін тағы 910 мың доза түседі.

Тақырып бойынша

Мамин президентке ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынатынын айтты
Дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай жанама әсері болатынын айтты
Алматыда 100-ге жуық бала коронавирустан емделіп жатыр
Қазақстандық вакцина халыққа қашан егілетіні белгілі болды
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып