Қоғам

Қазақстандықтарды вакциналау науқаны қалай жүріп жатыр – министр жауабы

© AP Photo / Arnulfo FrancoМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Цой осы жылдың қыркүйегіне дейін 10 миллионға жуық қазақстандықты вакциналау жоспарланып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде 2 миллион қазақстандықты вакциналауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол 1 ақпаннан бері өңірлерге "Спутник V" вакцинасының 611 мың дозасы жеткізілгенін айтты. Вакцинаны жеткізу кестеге сай кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.

"Ертең өңірлерге кезекті 300 мың вакцина дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Сәуір айында қосымша 1,4 миллион вакцина дозасы жеткізіледі. Бұл елдің 2 миллион азаматын вакциналауға мүмкіндік береді", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қазір өңірлерде 916 егу пункті жұмыс істейді.

Бұған қоса, шалғай аудандарда, ұжымдар мен халық көп жиналатын орындарда коронавирусқа қарсы вакциналауды жүргізу үшін 233 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды. Иммундау науқанына 10 мыңға тарта медицина қызметкері тартылған.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларында егу пунктері сауда орталықтары мен базарларда ұйымдастырылды. Онда демалыс күндері де вакцина салдыруға болады.

Оқи отырыңыз: Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма – дәрігерлер кеңес берді

Министр 8 сәуірден бастап вакциналауға egov.kz порталы арқылы жазылуға болатынын еске салды.

Өндірушілермен жүргізіліп жатқан келіссөздерді ескеріп, осы жылдың қыркүйегіне дейін 10 миллионға жуық қазақстандықты вакциналау жоспарланып отыр. Бұл вакциналауға жататын контингенттің 100 проценті, деді Цой.

Жаңалықтар
0