10:45 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2272)
3410 0 0

Бүгінгі таңда қала бойынша 25 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр және ол жерлерде демалыс күндері де пациенттерге қызмет көрсетіледі

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтев қалада қанша адамнан коронавирустың мутацияланған түрі анықталғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімнің сөзінше, 32 адамнан коронавирустың британдық штаммы анықталды.

"Британдық штамды анықтау үшін 40 ПЦР-тест өткіздік. Оны тексеру үшін арнайы реактив керек. 40-тың 78 проценті британдық штамм деп шықты. 40 науқас тексерілді, 32-сі британдық штамм болды", – деп жауап берді қала әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін қаланың санитар дәрігерлері Алматыда британдық және оңтүстік африкалық штамм анықталғанын хабарлады. Олар қалада науқастар санының өсуін коронавирустың мутацияланған түрінің пайда болуымен байланыстырды.

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай

Қала әкімінің хабарлауынша, қазір қалада 3 эшелонға бөлінген 7 мың инфекциялық төсек-орын бар. Олардың жүктемесі 54%-ті құрайды. Науқастардың 52-сінің жағдайы өте ауыр, 531-інің жағдайы ауыр, 2 362-сі орташа ауыр дәрежеде жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, 233 адам жазылып шықты, келіп түскен науқастар саны – 339. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 157 пациент бар.

Стационарларда 420 жансақтау орны бар, қазір ол жерде 152 адам жатыр.

Мегаполистің төрт мыңға жуық пациенті амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалым коронавирус мутациясы туралы мәлімдеме жасады

COVID-19 инфекциясымен күреске 8 500 медицина қызметкері жұмылдырылған. Резервте 2 758 медицина маманы бар.

Айта кетейік, Алматыда 25 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр және олар демалыс күндері де пациенттерді қабылдайды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2272)

Тақырып бойынша

Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның 22 елінде табылды – ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың болашағын болжады
Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады
Түркияда 40 мың адам коронавирустың британдық штаммын жұқтырды
Алматыда британдық штамм табылды ма - министрлік зерттеу жүргізеді
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус, мутация
Загрузка...

Басты тақырып