Қоғам

Қазақстандық ғалым коронавирус мутациясы туралы мәлімдеме жасады

© AFP 2024 / HANDOUTИзмененные клетки человека после заражения коронавирусом, сфотографированные при помощи электронного микроскопа
Измененные клетки человека после заражения коронавирусом, сфотографированные при помощи электронного микроскопа  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустың бір айда бірнеше рет мутацияға ұшырайтынын айтқан профессор алматылықтарды инфекцияның алдын алу шараларын күшейтуге шақырды

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман эпидемиологиялық жағдайға байланысты пікір білдіріп, коронавирустың мутациясы туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шарманның айтуынша, коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды. 

"Вирустар үнемі мутацияға ұшырауға бейім, бұл айына кемінде екі рет мутацияланатын коронавирустарға да қатысты. Вирустар жаратылысынан – паразиттер. Олар иесінен, яғни адамнан тыс өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам қайтыс болғанда, онымен бірге вирус та жоғалады. Сондықтан иесінің өлімі вирус үшін тиімді емес. Вирус тірі қалып, адаммен бірге өмір сүру үшін мутацияға ұшырап отырады. Бұл қалыпты эволюциялық процесс", - деді Шарман.

Оның айтуынша, коронавирус мутациясы үнемі жүріп отырады. Салдарынан COVID-19 маусымдық инфекцияға айналады. Ал вакцинация бұл процесті жылдамдатады.

Сонымен қатар профессор алматылықтарды профилактикалық шараларды сақтауға шақырды.

"Бетперде тағу қажет. Оны ауызды жауып тұратындай етіп таққан жөн. Адам көп баратын орындардан, мерейтойлар, үйлену тойлары, еске алу шараларынан аулақ жүру керек. Әсіресе, жабық әрі аз желдетілетін ғимараттарда өтетін жиындардан сақ болған жөн", - деді профессор. 

Коронавирустың жаңа түрі

Бұған дейін Ұлыбритания билігі коронавирустың жаңа штаммының пайда болғанын мәлімдеді. Бұл туралы 14 желтоқсанда елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок хабарлады. 

Айтуынша, аталған штамм Англияның оңтүстік-шығысында, соның ішінде Лондонда аурудың жылдам таралуына әкеп соққан. Вирус таралу жылдамдығы жағынан коронавирустың басқа түріне ұқсамайды.

Ол жаңа мутация аурудың ауыр түріне шалдықтыруы мүмкін екені дәлелденбегенін атап өтті.

Жаңалықтар
0