Қоғам

Қазіргі жағдайымыз жақсы емес – Тоқаев

© Sputnik / Тимур Батыршин В палате больницы с коронавирусом
 В палате больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Қазақстандықтар және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қиын кезеңді бастан кешіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген ел бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр", -деді Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі жиында.

Оған қоса, айтуынша, қазақстандықтар және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл, әрине, жағдайды одан бетер ушықтыруда.

"Дегенмен көптеген сарапшының айтуынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар", - деді президент.

Ауыл халдегі науқастар көбеюде

Тоқаев ақпаннан бері елге ПТР-анықтамасыз ұшып келетін жолаушылар саны екі есеге артқанын атап өтті. Егер 2020 жылдың қарагасында олардың  үлесі 7,3%-і құраса, қазір 27%-ке жеткен.

Оқи отырыңыз: Тоқаев министр Цойға бір ай уақыт берді 

"Салдарынан елде жұғу қаупі жоғары үш мутацияланған штаммның бар екені расталды. Аурудың таралуымен қатар ауыр және өте ауыр хәлдегі науқастар саны, сондай-ақ, өлім-жітім көрсеткіші ұлғаюда. Мұнымен қоса, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың, жабдықтардың жетіспеушілі байқалады. Орташа алғанда жансақтау бөлімдері 64%-ке ғана жасақталған. Денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түсуі мүмкін. Осыған байланысты үкімет пен өңір әкімдеріне жансақтау бөлімдерін жасақтауға қатысты шаралар қабылдауды және бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларының жеке жауапкершілігін бекітуді тапсырамын", - деді президент.

Дәрігерлердің қорғаныш құралдары

Тоқаев жекелеген өңірлерде сатып алынатын жеке қорғаныс құралдарының сапасы төмен екенін немесе тапшылығы байқалатынын жеткізді.

"Біз "СК-Фармация" басшылығын ауыстырдық. Жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт дәл қазір туып тұр. Әйтпесе, жұмыстан шығаруға тура келеді. Денсаулық сақтау министрлігіне дәрігерлерді жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етуді және сапасын қатаң бақылауды тапсырамын", - деді ол.

Бұған қоса, мемлекет басшысы адамдарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырды.

Тоқаевтың айтуынша, халықтың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуге байланысты.

Жаңалықтар
0