Қоғам

Тоқаев бүгін маңызды жиын өткізеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Жиында елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және халыққа вакцина салу мәселелері қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Бүгін түстен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады", – деп жазды Уәли фейсбукте.

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады.

Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршіді. Оған ел аумағынан анықталған коронавирустың жаңа штаммдары да себеп болып отыр.

Наурыз айында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы вирус жұқтырған науқастардың саны жағынан көш бастады. Осыған байланысты мегаполистерде карантин қатаңдатылды. Оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жерді сатуға немесе жалдауға тыйым салатын заң жобасын мәжіліске жолдады

1 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облысы тұр.

"Сары" аймақта – Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Жаңалықтар
0