08:10 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8828 0 0

Мемлекет басшысы парламент қолданыстағы регламентке сәйкес заң жобасын қарап, тиісті шешім қабылдайды деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін мен өзімнің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды", – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Бұған дейін мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға немесе жалға беруге заң жүзінде тыйым салу туралы ескерткен болатын.

"Қазақстандықтар үшін жер мәселесі өте маңызды. Жер – біздің мемлекеттілігіміздің белгісі. Мен шетелдіктерге жер сатылмайды деп бірнеше рет айтқанмын. Бұл туралы қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, мен ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға, жалға беруге заңды түрде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл шаралар президенттің заңнамалық бастамасының көмегімен жүзеге асырылуы керектігін атап өткен.

Оқи отырыңыз: Мораторий аяқталады: Жанұзақ Әкім жер дауына нүкте қою үшін не істеу керектігін айтты

Айта кетейік, 2016 жылы азаматтардың жаппай наразылығынан кейін Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылық жерлерін жалға беру мәселесіне қатысты ережелерге мораторий енгізді.

Ал Жер кодексінің қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ауылшаруашылық жерлерін жалға беруге, сондай-ақ жер учаскелерін қазақстандық фермерлерге сатуға қатысты кейбір ережелеріне қатысты жарияланған мораторий мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Тақырып бойынша

"Жер учаскелерін беру тәртібі жеңілдейді": заң жобасы әзірленді
Мемлекет басшысы қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды
Депутат жер аудару жазасын қайтаруды ұсынды
Қоңыров әрбір отбасыға жер телімін таратып беруді талап етті
Әкімдіктерге мектеп пен аурухана құрылысы үшін жер учаскелерін алу құқығы беріледі
Кілт сөздер:
жер заңы, жер
Загрузка...

Басты тақырып