14:27 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
139 0 0

Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді, соның арқасында біз жастарды жаһандық деңгейде дамыта аламыз, деді Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Латын әліпбиінің арқасында түркі әлемінің ортақ жүйесі қалыптасады. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз мәдени-гуманитарлық дамумен бірге бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында біз жастарды жаһандық деңгейде дамыта аламыз", - деді Назарбаев.

Елбасы өзін ұйымның құрметті төрағасы қызметіне сайлағаны үшін түркі тілдес мемлекет басшыларына тағы бір мәрте алғыс айтты. Содан кейін қазіргі басты қауіп-қатерге тоқталды. Ол – коронавирус пандемиясы. 

"Коронавирус әлі таралып жатыр. Өткен жылы пандемиядан келген шығын 8,5 триллион долларды құрады. 800 миллион адам сан алуан қиындыққа тап болды. Бұған дейін дағдарыстар болды. Алайда пандемияның салдары әлдеқайда қатты болып тұр", - деп атап өтті Назарбаев.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркістанды онлайн форматта таныстырды 

Айта кетейік, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитін Түркістан қаласында өткізу жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты іс-шараны онлайн режимде ұйымдастыруға шешім қабылданды. Саммит кезінде ұйымға мүше Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие. Осы жолғы саммитке Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов та құрметті қонақ ретінде қатысып отыр.

Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтары мен кеңестің мәртебесі бойынша бірлескен декларация қабылданады.

Тақырып бойынша

2021 жылы қазақстандықтар аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі әзірленеді
Тоқаевқа жаңа әліпбидің жетілдірілген жобасы ұсынылды
Латын әліпбиінің жаңа жобасы таныстырылды – ұлттық комиссия отырысы өтті
Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында үш өрескел қате жіберілген – ғалым
Кілт сөздер:
Назарбаев, Латын әліпбиі
Загрузка...

Басты тақырып